Смотреть Казахстанские фильмы и новинки 2014
  • ВУЗеры 4 сезон
  • Келинка Сабина
  • Трансформеры 4: Эпоха истребления (2014)
  • Теорема Зеро (2014)
  • Планета обезьян: Революция (2014)
  • Недетские танцы
  • Петля (2013)
  • Как приручить дракона 2 (2014)
  • Кухня в Париже (2014)
  • Грань будущего (2014)
Главная » Онлайн игры » Сериалы

Санжар мен Қайсар (1-16 серия/бөлім) смотреть онлайн бесплатно

Смотреть Санжар мен Қайсар (1-16 серия/бөлім) онлайнРежиссер: Ахат Ыбырае
Актеры: Санжар.Қайсар
Год выхода:2013 Оценка: 5
Качество:HDrip Страна: Казахстан
Жанр: Сериалы
Республикалық «Балапан» телеарнасында «Санжар мен Қайсар» атты телехикаяның тұсауы кесілді. Бұл – талантты режиссер Ахат Ибраевтың тамаша туындыларының бірі. Ахат бұған дейін де бірнеше тартымды дүниелерін көрермен назарына ұсынған еді. Әсіресе балалар жанрында отандық туынды тым қат кезде, мұндай еңбектің көзге ыстық көрінетіні рас.Шетелдік мультфильмнен қажыған, санасы улана бастаған баласын ойлайтын ата-ана шіркін, теледидар пультін қайта-қайта басып, қазақи, ұлттық туынды іздейді. Көбіне салы суға кететіні анық. Отандық дүние аз, барларының сапасы сын көтермейді. Амалсыздан шетелдің Спанч-Бобына қайта жүгінбек. «Санжар мен Қайсар» осындай жағымсыз тенденцияны бұзатын, ұлттық балалар сериалының көшін бастайтын тырнақалды дүние болып тұр. Оған бәрекелді дейміз.
«Санжар кім, Қайсар кім?» – дейсіздер ғой. Екеуі ағалы-інілі, шамамен 4-5 сынып оқушылары. Қайсары сәл тентектеу болар деп топшыладым. Санжары сәл сабырлы бала, бірақ Қайсардан қалғысы жоқ. Күнде кездесетін, өмірдегі жиынтық образ. Хикаяны көрген ересек кезінде өзінің де осындай басбұзар болғанын мойындар еді. Әкесі мен анасы, әжесі бар. Хикая комедия әрі қиял-ғажайып сарында болғандықтан, олардың тым сабырлы болып, қатып қалуы жараспайтын еді. Сондықтан режиссер ересектерді де ойнақы образбен сомдаған. Әкесі сәл әуейі, оқу өтіп кеткен фанатик, шешесі дастарқан шебері, әжесі теледидарға телмірген кейуана. Балаларда ешкімнің шаруасы жоқ, сондықтан Қайсар мен Санжарға толық еркіндік берілген. Есесіне, көрермен бас кейіпкерлердің не істегендерінен толық хабардар.
Қиял-ғажайып деп бекер айтқан жоқпыз. Киноөндірісте ол фэнтези деген терминге ие. Біздің фэнтези – мұғалімге жай түсіп, ол басқа планетадан келген тіршілік иелерімен әлдебір байланысты сезінуі. Қайсар мен Санжар мұғалімнен басқа планетадан келген тіршілік иелерінің кемесін іздеу жөнінде тапсырма алады. Және оны орындау барысында химия, физика, математика сынды негізгі ғылымдардың ауадай қажет екенін түсінеді. Жалпы, бұл ой салатын хикая. Жас көрермендерге білім-ғылымның қажетін, сабақты жақсы оқу керектігін ойын формасында, баурай отырып сіңіретін қасиетін байқадық. Сонысымен де өте бағалы. Қомақты қаржы сапырып, техникалық мінсіз түсірілген талай фильмнің идеялық жағынан жалаңаш, жұтаң екенін көріп жүрміз. Ал «Санжар мен Қайсарда» идея да, орындау жағы да үйлесім тауыпты. Ендеше, балаларымызды ұлттық телехикаяға, қазақи болмысқа қарай бейімдейік. Ол қиын емес!
Теледидар қосылып тұрғанда пультты алып, шетелдік мультик жүріп жатқан бөтен арнадан өзіміздің ауыл – «Балапан» арнасына қарай басу керек. Құрметті ата-ана, парызыңды ұмытпа!

Рейтинг Санжар мен Қайсар (1-16 серия/бөлім):
10 из 10
Проголосовало: 4

Смотреть Санжар мен Қайсар (1-16 серия/бөлім) онлайн бесплатно в HD качестве: